Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне берілер жолдамаға талас қыза түсуде. Бүгін Астананың «Барысы» өз мұз айдынында Минскінің «Динамо» клубын жеңіп, маңызды ойында ұпайдан шашау шығармады, деп жазады Massaget.

 

Андрей Назаров жаттықтыратын «Барыс» Минскіден келген «Динамо» клубын 4:2 есебімен ұтты. Бірінші кезеңде қос клуб есеп аша алған жоқ. Алайда екінші кезең нәтижеге толы болды. Кевин Далмэн, Максим Худяков пен Дастин Войдтың соққан шайбалары «Барысты» алға шығарды. Қонақтар сапынан Пол Щехура есеп айырмасын 1 шайбаға қысқартты.

 

Үшінші кезеңде Брэндон Боченский есепті 4:1-ге жеткізді. Алайда ойын аяқталған минскілік клуб ойыншылары нәтижені бір шайбаға қысқарта білді.

 

Сурет: massaget

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер