Велошабандоз Арман Қамышев үздіктер қатарында

Жыл басында жасыл құрлық жарысқа толы. Теннисшілер ғана емес қазір Австралия жерінде велоспортшыларда жүр. Дәстүрлі  «Tour Down Under» көпкүндігінде сынға түсіп жатқан "Астана" велокомандасының аяқ алысы жаман емес. Пролог аталған жарыстың шымылдық ашар кезеңінде Арман Қамышев үздіктер қатарынан орын алса, жерлесіміз бірінші кезеңде де тәуір нәтиже көрсетті. Жалпыкомандалық есепте "Астана" қазір үшінші орында келеді.

 

 

 

Сурет: kazsport.kaztrk.kz