«Астана» мен «Бенфика» тең ойнады

«Астана» мен «Бенфика» тең ойнады

"Астана" футбол клубы кеше өз алаңында топтық кезеңде көш бастап тұрған Португалиялық Бенфика командасымен кездесіп 2:2 есебімен тең түсті. Кездесуді қарқынды бастаған "Астаналықтар" 19- минутта қарсылас қақпасына алғашқы гол салды. Есепті 4 бірдей ойыннан аластатылып қатарға енді қосылған Патрик Твумаси ашты. Бұл қарсылас команданың қарқынын үдете түскенімен келесі гол да Астананың еншісіне тиді. Бұл допты  Марин Аничич соққан еді. Алайда Бенфикалықтар 39- минутта таблодағы есепті теңестірді. Өкінішке қарай, ойынның соңына дейін жергілікті құрама алға озып шыға алмады.

 

Станимир СТОЙЛОВ, "АСТАНА" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Тамаша матч болды деп ойлаймын. Біз жоғары деңгейде ойнай алатынымызды дәлелдедік. "Галатасарай", "Атлетико", "Бенфика" секілді мықтыларға лайықты қарсылық таныттық, жанкүйерлерге қуаныш сыйладық. Алғашқы 45 минутта маусымдағы ең үздік ойын үлгісін көрсеттік деп ойлаймын. Екінші таймда да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Мен командама ризамын.

 

Дмитрий ШОМКО, "АСТАНА" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

Бірінші таймда гол өткізбегенде, басым түсер едік. Әрине, жеңгіміз келді. Енді алдағы ойындарда барымызды салып, соңына дейін күресеміз.

 

Осылайша, Астана чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші ұпайына қол жеткізді. Евро-кубок маусымының соңғы кездесуін құрама желтоқсанның 8-і күні Стамбулда Түркияның Галатасарай командасымен өткізбек.