Қазақстанда ғылыми жобаларды қаржыландыру қарқын алып келеді

Ғылым – экономиканы дамытудың өрісті жолы. Қазақстанда ғылыми жобаларды қаржыландыру қарқын алып келеді. Кенжелеп қалған саланы жетілдіруде отандық кәсіпкерлердің үлесі мол. Мәселен, биылғы жылдың өзінде ғылыми қор 12 тың жобаны жүзеге асырған. Әзірге, инновациялық өнімдерден түскен пайда 400 млн теңге. Бұған қоса, сенаторлар салаға ел қазынасынан бөлінетін қаржы көлемін әлі де арттыра түсу керектігін айтты. Жоспар – қаржыландыру көлемін жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына жеткізу. Ал ғалымдар қауымы «Ғылым саласының келешегі кәсіпкерлердің қолында. Бизнесмендер жаңа жобаларға бастамашылық етуі тиіс» деген ойларын білдіруде. 

БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Бүгінгі күні ғылым салалық министрліктер, салалық кәсіпорындар мен бизнестен ұсыныстарды күтіп отыр. Ғалымдар сұранысқа ие боларлықтай жобаларды іске асыруға дайын.  Қазақстандық жалпы ғылым мен ғалымдардың елімізде қолданысқа енгізуге боларлық жұмыстары аз емес.