Альцгеймер науқастарына арналған мобильдік қосымша

Қазақстандық оқушылар Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға арналған мобильдік қосымша ойлап тапты. «СИ-куэнс» атты бағдарлама қарт адамдарға дәрі-дәрмегін уақтылы қабылдау туралы еске салады. Оқушылардың айтуынша, бұл тың құрылғы науқастар мен олардың жақындары үшін таптырмас көмек құралы болмақ. Айта кетейік, Альцгеймер ауруына көбіне егде жастағы адамдар шалдығады.

ДИЛЬНАЗ ҚАМАЛОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

 - Біздің барлығымыздың білуімізше, ол өте тез дамитын ауру болып табылады. Сондықтан да уақтылы барлық дәрілерді қабылдау өте маңызды екенін барлығымыз білеміз. Науқастың жақын адамдары оның медикаменттерді қашан қабылдау қажеттілігін өздері қойып тұрады.

ДАНА ЕРЛАНОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

 - Дәрі-дәрмекті алу керек, алып қабылдағаннан кейін, сіздер қабылдадым деген кнопканы басасыздар. Қабылдадым деген кнопканы басқаннан кейін ол бізде өшеді және телефонға хабарлама келеді. Бұл тек альцгеймер ауруымен емес, өзге де балаларға, жасы үлкен адамдарға, қарттарға да өте жақсы және де медициналық жобаларда, ауруханаларда осы цифровизацияландыру үшін қолданылады.