Туризмнің дамуы

Қазақстанда шығыс дәстүрлерінің батыс модернде жасалған бірегей симбиозы, ежелгі сәулет ескерткіштері және футуристік сәулет өнерінің көркем  туындылары топтасқан. Сарапшылар соңғы уақытта біздің елімізде туризмді дамытуға баса назар аударылғанын мойындайды. Шын мәнінде, Қазақстанның бай табиғи, шежірелі тарихи ескерткіштерін көру үшін Германия, Англия, Жапония, Корея, Қытай елдерінен туристер көптеп келеді.

ҚАЙРАТ СӘДУАҚАСОВ, «ҚАЗАҚ ТУРИЗМІ» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бізге шамамен 2,5 млн туристер келеді. Олардың дені Орталық Азия елдерінен саяхаттап келуде. 2025 жылға дейін Қазақстанға 7,7 млн турист саяхаттап келеді деп ойлаймыз.

Шетелдік туристерді Қазақстанның әсем табиғатымен қатар, бай тарихи-археологиялық және мәдени мұрасы да ерекше қызықтырады. Саяхатшылардың дені, әсіресе, Түркия, Малайзия, Индонезия елдерінің өкілдері Түркі елінің рухани астанасы Түркістан қаласын көруге ынталылық білдіреді. Мұнда туристік ағынды арттыру мақсатында ұлы ғалымның қолжазбалары сақталған  Қожа Ахмед Яссауи мұражайын салу көзделіп отыр. Сонымен қатар Түркістандағы ең ерте қалалық қоныстардың бірі – Күлтөбе қайта жаңғыртылады. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысындағы бірнеше ескерткіштер жалпыәлемдік мәдени құндылық деп танылған.

ВЛАДИМИР ПИСКУРЕВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Бір қаладан үш нысанның енуі – бұл әлемдік сенсация. Қойнауы тарихқа бай Түркістан өңіріне дүние жүзінен туристер ағылады деп ойлаймыз.

Сонымен қатар әуе арқылы транзиттік туризмді дамыту көзделіп отыр. Болашақта «Куала Лумпур- Түркістан -Самарқанд» бағыттары бойынша әуе рейсін іске қосу жоспарда бар. Жалпы, Түркістан шаһары Ұлы Жібек жолының дәл жүрегінде орын тепкен. Бұған қаладан 1000 шақырым радиуста 7 мемлекеттің астаналары орналасқаны дәлел бола алады.