Қазақстан-Жапония: Ядролық қарусыздандыру мәселелеріне арналған конференция

Қазақстан-Жапония: Ядролық қарусыздандыру мәселелеріне арналған конференция

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) Гои бейбітшілік қорымен бірлесіп, «Ядролық қарусыздандыруда қазақстандық-жапониялық ынтымақтастық: Бір тағдыр, Ортақ мақсаттар» атты халықаралық конференциясын өткізді.

Конференция ядролық қарусыздандыру және оны әлемде таратпау процесінің дағдарысы, ядролық қарусыздандырудың жаһандық күн тәртібін қалыптастыруда Қазақстан мен Жапонияның ролі, ядролық қаруға толыққанды тыйым салудың және оны жоюдың басты негізі ретінде гуманитарлық салдарлар секілді мәселелерге арналған.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Гои Бейбітшілік қорының және «Бейбітшілік туралы ғибадат» қоғамының президенті Хироо Сайонджи және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткері, дипломат, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Абай Тасболатов, «АТОМ» жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков, сонда       -ақ қоғам қайраткері Саясат Нұрбек қатысты.

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ, «НЕВАДА-СЕМЕЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ:

 - Біз бар экожүйелерді сақтау мен сауықтыруға, соның ішінде, ядролық сынақтардан қасірет шеккен тұрғындардың денсаулығын және аймақтар табиғатын қалпына келтіруге күш-жігерімізді салудамыз. Біздің лозунг: жаһандық ауқымда ойлау, тез әрекет ету. Таза ел – таза ғаламшар!

Конференция залдың белсенді қатысуымен «сұрақ-жауап» секциясымен жалғасты. Тараптар сарапшылық қоғамдастықпен, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік жөніндегі жастар бірлестіктерімен диалогты жалғастыру қажеттілігі пікірімен келісті.

Е. САЛТЫБАЕВ, ӘЭСИ ДИРЕКТОРЫ:

-  Астанадағы конференцияның ерекше маңызы бар, себебі әлем ядролық қаруландырудың жаңа жаһандық жарысы алдында тұр. Осы жағдайларда, әсіресе ядролық қарусыздандыру саласындағы моральдық көшбасшы ретінде Қазақстан Жапониямен және басқа елдермен бірлесіп, ядролық қарудан және оның сынақтарынан жаппай бас тарту мәселелерін алға жылжытуға дайын.

Іс-шараның қорытындысында, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының және Гои бейбітшілік қорының басшылары әлемдік қоғамдастыққа ядросыз әлем мақсаттарына қол жеткізудегі күш-жігерді жандандыру керектігін айтты. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар ядролық қаруды қолдану мен сынаудың гуманитарлық салдарлары туралы ақпаратты кеңінен ілгерілету қажеттілігі туралы бірлескен өтінішті үндеді.