«Теңізден теңізге дейін» экспедицияларының қорытындылары

«Теңізден теңізге дейін» V маршрутының қатысушылары жолдың басым бөлігін жүріп өтті. Еске салсақ, бұл таныстыру сапары «Ұлы Дала еліне саяхат» жобасының аясында өтуде. Белгіленген жол бағыты Қазақстанның ең ірі 2 су қоймасы Арал мен Каспий аралығын қамтиды. Қатысушылар танымдық саяхатын Қызылорда облысының сұлулығы көз сүйсіндірер Қамбаш өзенінің таңғажайыбын тамашалаудан бастады. Сонымен қатар олар Маңғыстау өңірінің табиғи, тарихи ескерткіштерімен танысты. Олардың ішінде ХVI ғасырға жататын мазар кешендері мен Тамшалы құзы, Жығылған құламасы секілді бірегей орындар бар. 21 қыркүйекте қатысушылар Ақтауға ат басын тірейді. Жалпы алғанда, олар 3,5 мың шақырым жолды еңсереді. Экспедицияның қорытындысы бойынша, «Kazakh TV» телеарнасында Қазақстанның туристік нысандарына арналған бейнекүнделіктер беру жоспарланып отыр.

ОРЫНБАСАР ШАЙМУХАНБЕТОВ, ДИРЕКТОР ДЕПАРТАМЕНТА НК «KAZAKH TOURISM»:

– Экспедиция Қызылорда қаласынан басталды. Онда олар Қамыстыбас көлі, Арал қаласы секілді Арал теңізімен байланысты табиғи нысандарды аралап көрді. Кейін Арал теңізінің солтүстік бөлігін айналып өтіп, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының аумағында болды.  Бұл әрине, туристерді бей-жай қалдырмайтын Бозжыр аңғары, Бекет-Атаның жерасты мешіті,  Үстірт шыңдары, өзіндік жаратылысы бөлек ландшафттар.