Қыпшақтар ізі Жапониядан табылды

Юань патшалығында Қыпшақ батырларының ролі қандай болды? Дәл осы тақырыпта «Дешті-Қыпшақ» ғылыми зерттеу орталығы мен «Мемлекет тарихы институты» бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Ғалымдардың айтуынша, кезінде Жапонияға шабуылдаған Құбылай ханның жауынгерлері негізінен қыпшақ, қаңлы, найман және жалайыр руының батырларынан құрылған. Ал Тұтық атты қыпшақ қолбасшысы империядағы беделді адамға айналған. Бүгінде Фукуока қаласында осы деректерді дәлелдейтін мұражай жұмыс істейді.

ЯСУХИРО ЙОКАЙЧИ, ЖАПОНИЯДАҒЫ «РИККИО» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Моңғол империясында түркілердің, соның ішінде қыпшақтардың орны ерекше. Тарихи деректерге қарағанда көбіне ханның жеке жасағы қыпшақ батырларынан тұрған. Юань патшасы Құбылай Жапонияға шабуылдағанда жауынгерлерінің арасында түркілерден шыққан қолбасшылар болған. Соғыстан кейін олардың кейбірі еліне қайтса, кейбірі сол жерде қалып жергікті халықпен сіңісіп кетті.