Қазақстанда қатерлі ісік дертін жаңа әдіспен емдей бастады

Қазақстанда қатерлі ісік дертін жаңа әдіспен емдей бастады. Осыған дейін қолданып келген химиотерапияға емнің балама тәсілі шыққан. Томотерапия енді қазақстандық науқастарға да қолжетімді болды. Алғаш рет 2010 жылы АҚШ-та қолданылған бұл әдіс дәл әрі қауіпсіз сәулелендіру арқылы іске асырылады, нәтижесінде қатерлі ісіктер жанама әсер қалдырмай, біртіндеп кетеді екен.

ДАНИЭЛЬ ФАСС, НЬЮ-ЙОРКТЕГІ ТОМОТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Радиация қатерлі ісікті жойып, қасындағы жасушыларға зиян тигізбейді. Онкологиядағы бұл ұлы жетістік енді Қазақстанда да қолжетімді. Астанада осы жобаны дәрігер Абай Байгенжин енгізді. Ауруханаларыңызға томотерапиялық жаңа 2 апаратты орнаттық. Мен осы жобаға қатысып, дәрігерлер, мамандар мен радиологтар тобының жұмысын үйлестіріп жүрмін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, 2020 жылға дейін онкологиялық ауруларға шалдыққандардың саны мен осы дерттен өлім-жітім көрсеткіші 2 есе артады. Медицина мамандары осы ретте дабыл қағып отыр.

ДАНИЭЛЬ ФАСС, НЬЮ-ЙОРКТЕГІ ТОМОТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  АҚШ пен бүкіл әлемде жаңа құралдар қолданылып жүр. Бірақ бір үлкен мәселе бар – дамушы елдерде оны пайдалана алмайды. Байгенжин мамандар мен сарапшыларды Қазақстанға шақырып, өз дәрігерлерін бізге жіберіп тұрады. Химиотерапия кейде адамдардың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді, ал осы аппаратпен аурудан толық сауығуға болады.

Мамандардың пікірінше, томотерапияның бір артықшылығы – жанама әсер қалдырмайды. Фото сәулелері ісікке бағытталып, ағзаның сау бөлігіне тимейді.

ДАНИЭЛЬ ФАСС, НЬЮ-ЙОРКТЕГІ ТОМОТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Науқас келгенде, аппарат GPS секілді ауру ошағын автоматты түрде анықтайды. Небары 10-15 минут кетеді. Науқасқа ешқандай дәрі керек емес. Шашы түспей, жанама салдары болмайды. Ең ауыр емделетені – қуықалды безінің ісігі. Ерте анықтаса, оны да емдеуге болады. Сол себептен, онкологиялық аурулардың ерте диагностикасының маңызы зор.  

Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстанда 35 мыңнан аса адамнан қатерлі ісік анықталған. Онкологиялық ауруға шалдыққан қазақстандықтардың жалпы саны – 171 мың.