Ұлы Дала Еліне саяхат: Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлері

Кең байтақ Ұлы даланы теңізден теңізге дейін кешіп өту. «Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасының бесінші кезеңі басталды. Бұл жолы 25 адамнан құралған экспедициялық топ көз тартар сұлу табиғатымен қатар көне тарихи-мәдени ескерткіштерге толы қасиетті Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау өңіріне аттанды.  Жалпы, қыркүйек айының 21-не дейін жалғасатын сапар барысында үш жарым  шақырымға жуық қашықтық еңсерілмек. Еске салайық, саяхат мүшелері танымал қазақстандық, шетелдік тілшілер және туристік операторладың өкілдерінен жасақталған.

ДАУРЕН РАПТАЕВ, ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ:

- Жалпы экспедицияның негізгі танымдық бөлігі 12 күнге жоспарланған. Алматыға қайтар жолды есептегенде 15-16 күнге жалғасады. Қамыстыбас көлі, Арал теңізі, Маңғыстаудың Үстірт даласының әсем табиғи жерлері мен киелі мәдени мекендерін аралап, Каспий теңізіне дейін жетуді көздеп отырмыз.   

Еліміздің туристік әлеуетін зертеуге бағытталған танымдық саяхаттардың соңғы бағыты  Жаңа Жібек жолы болмақ.  Бұл сапарда экспедиция құрамына Ресейдің National Geographic тобы қосылатын болады. «Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасының қорытындысы бойынша «Kazakh TV» телеарнасында туристік әлеуетіміз жөнінде арнайы бағдарламалар легі шығарылады. Экспедицияның ресми медиа-серіктесі - «Хабар» Агенттігі.