Жамбыл облысының шаруалары жержаңғақ өсіруді қолға алған

Жамбыл облысының Шу ауданы Қорағаты ауылындағы өндірістік кооператив агромәдениеттің жаңа түрін - жержаңғақ өсіруді қолға алған. Былтыр 25 гектар алқапқа бұршақ тұқымдас майлы дақылды еккен шаруа өнімге деген сұраныс жоғары болғандықтан, биыл оның көлемін екі есеге арттырған.

ЕРБОЛ ЕРҒАЗИЕВ, ӨНДІРІС БАСШЫСЫ:

- Енді биыл гектарға көбейтіп отырған жайымыз бар. 1 гектардан 2 тонна, 50 гектардан 100 тонна аламыз деген жоспарымыз бар.

50 гектар алқап 4 заманауи технологияның әдісімен жаңбырлатып суғарылады. Оларды сатып алуға 100 млн теңге қаражат жұмсалған.

АККАР ГАСАНОВ, ҚОРАҒАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Округ бойынша 235 шаруа қожалығы бар, оның ішінде 2 АТК бар, 1 ПК, 1 ТОО. Биыл біз 20 тонна алдық.

Айта кетейік, шаруалар жержаңғақпен алдымен Жамбыл облысын қамтамасыз етеді, кейін өнімді экспортқа шығармақ.