«Ұлы Дала еліне саяхат» экспедициясы Сарыарқаны аралап шықты

«Ұлы Дала еліне саяхат» экспедициясының мүшелерінің Сарыарқа бағыты бойынша саяхаттары аяқталды. Олар 16 күн ішінде 4 мың шақырым мен 4 облысты артта қалдырды. Саяхатшылар ландшафттардың саналуандығын тамашалап, орталық және солтүстік Қазақстанның жан-жануарлар әлемімен танысты. Экспедиция мүшелері маралдарды көріп, Әжібай көліне барды. Баянауыл мен Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде болды. Әрине, экспедиция орталық және солтүстік  Қазақстан өңіріндегі Балқаш көлі мен Бурабай курортына да соқты. Қатысушылардың айтуынша, «Сарыарқа» бағыты  даламыздың әсемдігіне тәнті етті.  Сапар қорытындысы бйоынша тиісті ұсыныстар әзірленбек.

РАШИД КҮЗЕМБАЕВ, «KAZAKH TOURISM» ҰК» АҚ ТӨРАҒАСЫ:

- Экспедиция қорытындысы бойынша туристік бағыттар құрастырылатын болады. Ауқымды маршруттармен қатар шағын жобаларды да іске асырамыз. Бұдан бөлек экспедиция барысында фото және бейне материалдардың қомақты қоры жинақталды.

НҰРЖАН АЛҒАШОВ, ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ:

- Экспедиция қорытындысы бойынша жаңа бағыттар құрастыратын боламыз. Оны Kazakh Tourism мен туризм комитетіне ұсынамыз. Орталық Қазақстандағы Ақжар тауы баршамызды таң қалдырды. Далада келе жатып, марс пейзажына тап боласыз. Жақындағанда осыған көз жеткізуге болады.  Өте керемет көрініс.