Мұқыр аңшысы - Семейден табылған археологиялық олжа

«Мұқыр аңшысы». Семей қаласының маңынан табылған археологиялық құнды олжаны мамандар осылай атаған. Ол ерте қола дәуіріне тиесілі деген болжам бар. Еске салсақ, адам сүйегінің қалдықтарын үстіміздегі жылдың мамыр айының соңында Мұқыр өзенінің бойынан «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшелері тапқан. Болжам бойынша аңшы көктем айлары кезінде жардан құлап мерт болған. Адам сүйектерімен қоса жылқының да қаңқалары табылған.

АМАНТАЙ ИСИН, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

- Бұл адам, ол ғұн-сармат, түркі заманы де немесе монғолдан кейінгі замандыкі де болуы мүмкін. Оны анықтау – алдағы зерттеулердің жұмысы.

МАРАТ САСАНОВ, ПРЕДСЕДАТЕЛЬ КРАЕВЕДЧЕСКОГО ОБЩЕСТВА «ПРИИРТЫШЬЕ»:

- Табылған мыс пластина ерте қола дәуірі кезеңін көрсетеді. Оған шамамен 3-4 мың жыл. Археологиялық қазбаларды зертеу үшін Әлкей Марғұлан атындағы институтқа жібереміз.