Астанадағы «Көгiлдiр желкен» мектебі 25 жылдығын атап өтеді

Алматыдағы «Көгiлдiр желкен» мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. Білім ошағы үшін биылғы оқу жылы ерекше. «Жаңа заман мектебі» деген атқа лайық орда  ұжымы биыл 25 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт аралығында мектеп қабырғасынан бес мыңнан астам түлек шыққан.

МАРИНА ЕСҚАРАЕВА, «КӨГIЛДIР ЖЕЛКЕН - BLUE SAIL - ГОЛУБОЙ ПАРУС» БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЕЛІСІІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

Елдің болашағының қандай болатындығы, ең алдымен, білім саласына байланысты.  Бұның барлығы білімді жастарға, өз елін, өз отбасын мақтан тұтатын адамдарға тәуелді. Сол үшін білім жүйесі мықты болуы тиіс. Балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейін берілетін білімге аса көңіл бөлінеді. Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік балалық шақтан  басталады.

«Көгілдір желкен» - бұл балабақшалар мен орта мектептерден тұратын тұтас бір кешен. Ресми тәжірибелік алаң алғашқылардың бірі болып 12 жылдық білім беру жүйесін сынап көруде. Сонымен қатар, мекемеде нағыз отансүйгіштер тәрбиеленеді.

МАРИНА ЕСҚАРАЕВА, «КӨГIЛДIР ЖЕЛКЕН - BLUE SAIL - ГОЛУБОЙ ПАРУС» БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЕЛІСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің жүйені  Қазақстанның болашағы емес, қазіргі күн талабы ретінде қарастырамыз. Біздің оқушылар шет тілдерін жетік меңгерген, зиялы, сауатты, өз отанының патриоттары.

Жаңа оқу жылында өткен алғашқы сабақ «Мен өз елімнің аптриотымын» деп аталды. Бұл күні бірінші сынып оқушылары уақыт капсуласына өз тілектерін жазып та үлгерді.  Олар 10 жылдан кейін мектеп табалдырығын аттайтын ізбасарларына «Өз отаныңды сүй» деген тілектерін қалдырды.