Отандық ғалымдар шығарған бидай мен картоптың жаңа түрлері алғашқы өнімін берді

Тиімді инновациялық технологиялар Қазақстанның ауыл шаруашылығында қарқынды ендірілуде. Жобалардың арасында отандық ғалымдардың жұмыстары да бар. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында жаздық бидайдың жаңа түрі егіліп, мол өнім алынды. Өндірістік тәжірибені Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері жергілікті диқандармен бірлесіп жүргізді. Жалпы көлемі 500 гектар жерге дән себілді. Нәтижесінде гектарынан 40 центнерден өнім алынды. Басты мақсат – бидайдың сапалы тұқымын шығару ғана емес, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру. Бұл агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

КЕНЖЕ АБДУЛЛАЕВ, А. БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұрындары біз кішкентай ғана жерлерде тәжірибе жүргізсек, бүгіндері өндірістік тәжірибеге көшіп отырмыз. Ең жақсы көрсеткіштерді 20-30 мамыр аралығында егілген орташа тұқымдар көрсетіп отыр. Диқандардың алға қойған мақсаты мен міндеттері ауқымды. Бүгінгі күнге дейін олар гектарына 25 центнерден өнім алып отырса, біздің орталықтың берген ұсыныстарын орындай келе, гектарынан 40 центнер өнім жинайды.

№ 6. Бұл - жаңа картоп сұрпының атауы. Ол қазақстандық және қытайлық мамандар ынтымақтастығының негізінде шығарылған. Ол өнімділікті арттыруға, фермерлердің табысын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

ЕВГЕНИЙ ЛАВРОВ, ФЕРМЕР:

- Түрі де жақсы. Картоптың сабағы да жергілікті сорттан асып түседі. Түйнекті дәндері де 10%-ға ұлғайған. Бұл сыртына қарап жасалған баға. Күзге қарай өнімділігін 30%-ға арттыруы мүмкін. Тиісінше табыс та 30%-ға жоғарылайды.

№6 картоп түрі 2017 жылдан ері егіледі. Осы мақсатта Қытай-Қазақстан тәжірибелік орталығы құрылды. Картоптың жаңа сұрпының артықшылықтары бір ылдан кейін байқалды.

АЛЕКСАНДР ХИТРИК, ҚАЗАҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- № 6 сұрыпты картоптың өнімділігі мол, түсі сарғыш. Сонымен қатар, тұтынышулар арасында жоғары сұранысқа ие. Артықшылығы осында. Сондай-ақ, Х,Ү картоп вирустарына төзімді. Демек ол қазақстандық нарықтан өз орнын табары анық.

ХУАН ЧЖАОВЭНЬ, ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

- Картопты өсірудің қытайлық тәсілі шағын алқапқа арналған. Яғни түйнектер аз болғакндықтан, күтімі де жеңіл. Бұл жерді, тұқым және еңбек күшін үнемдейді.

Жыл соңына қарай картоптың жаңа түрін «Қазақтан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мемлекеттік реестріне» енгізу жоспарланып отыр. Алдағы 5 жыл ішінде №6 картопты өсіруге арналған жер көлемі миллион гектарға жеткізілмек. Бұл бүкіл ел бойынша жалпы егістік алаңының 15%-н құрауы мүмкін.