Саяхатшылар, журналистер мен блогерлер Шығыс Қазақстанның көрікті жерлерін аралады

«Алтай – өркениеттің алтын бесігі». Қазақстанның маңызды нысандарына экспедицияның осылай аталатын кезеңі аяқталды. 12 күн ішінде кәсіби жолнұсқаушылар мен тәжірибелі саяхатшылар, отандық және шетелдік журналистер, сонымен бірге, танымал тревел-блогерлер Шығыс Қазақстан облысының көрікті жерлерін аралап, 3000 км жол жүріп өтті. Атап айтсақ, Язевое, Марқакөл, Алакөл, Зайсан көлдерін тамашалап, Австриялық жолды артқа тастап, Рахман қайнарларында, Қиын-Керіш шатқалында болды. Қатысушылардың пікірінше, Қазақстанның туризмді дамытуда әлеуеті зор. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен бірге алдағы уақытта жаңа туристік бағыттар әзрленетін болады. Қыркүйек айының соңына дейін «Сарыарқа», «Теңізден теңізге» және «Жаңа Жібек жолы» экспедициялары кезең-кезеңімен өткізілетін болады.

КОНСТАНТИН КИКВИДЗЕ, ФОТОСУРЕТШІ:

- Экспедиция нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының табиғаты туралы фото банк құрылады. Сондай-ақ, туристер үшін жолнұсқаушы құрал және экосаяхаттың жаңа бағыттары әзірленген. Сонымен бірге, біз өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында ұсыныстар жасаймыз.