«Сарыарқа» экспедициясы Баянауыл және Қарқаралы табиғи парктерінде болды

Журналистер мен туристік операторлар өкілдері, шетелдік және отандық блогерлер мен саяхатшылар, фотосуретшілер Қазақстанның киелі жерлеріне саяхаттарын жалғастыруда. «Сарыарқа» бағыты бойынша экспедиция мүшелері Баянауыл және Қарқаралы табиғи парктертерінде болды. Мұнда саяхатшылар сұлулығы көз тартар Торайғыр, Шайтанкөл және Жасыбай жұмбақ көлдерін тамашалады. Сонымен қатар саяхатшылар Ұлы қазақ ағартушысы Абай Құнанбаевтың әкесі іргесін қалаған ең көне мешіттердің біріне де аялдады. Естеріңізге сала кетейік, «Сарыарқа» бағыты бойынша экспедиция мүшелері Ақмола және Қарағанды облыстарының табиғи парктері мен қорықтарын ғана араламайды, сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан өңірлерінің тамаша табиғатына сапар шегеді. Жалпы экспедиция қыркүйектің 4-не дейін жалғасады.