«Ұлы Дала еліне саяхат» жобасының «Сарыарқа» бағыты бойынша экспедициясы басталды

«Ұлы Дала еліне саяхат» жобасының «Сарыарқа» бағыты бойынша IV экспедициясы басталды. «Kazakh Tourism» мен «Qazaq Geography» Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы өзара ынтымақтастық меморандумы төңірегінде жүзеге асырып отырған экспедиция 20 тамыздан 4 қыркүйекке дейін созылады. Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын аралайтын болады. Туристік орындарды тамашалап, мәдени-тарихы нысандарға соқпақ. Жолға шыққан экспедиция бағытындағы бірінші нысан – «Бұйратау» ұлттық паркі болды. 27 адамнан құралған топ құрамында журналистер, саяхатшылар мен блогерлер бар.

НҰРЖАН АЛҒАШОВ, ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ:

 - 16 күн ішінде 4,5 шақырым жолды артта қалдырамыз. Экспедиция қорытындысы бойынша бірнеше жұмыстар жасалды. Біріншіден, туристік орындар болып табылатын нысандардың тізімі жасалады. Және осы нысандардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша қандай шаралар қабылдау керектігі жайлы ұсыныстар айтылады.