Қазақстандық ғалымдар бірегей дәрі-дәрмек ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар бірегей дәрі-дәрмек ойлап тапты. Бүгінде ол тексеру жұмыстарынан сәтті өтіп, қазір клиникаларда белсенді түрде енгізілуде. Сонымен қатар тісжегіні емдеуге арналған отандық өнімге деген шетелдік тіс дәрігерлері қызығушылық танытуда.  Ресейде және Украинада «Қазақстанда жасалған» маркасымен имплантациялық жеткізілімдер бір жолға қойылған. Ал жақын арада тіс эмалін қалпына келтіретін препарат Еуропа және Сауд Арабиясы емханаларының сөрелеріне түседі.

ӘСЕЛ БӨЛЕНОВА, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз бұл ақуызды синтетикалық жолмен жасап шығардық. Бұл адам ақуызының аналогы – амилогенин. Ол – эмаль құрылысында жұмыс жасайтын негізгі ақуыз. Біздің препарат тістің сезімталдығын емдеп, тісжегінің алдын алады. Алғашқы тісжегі – ол ақ дақ, аздап сарғыштау, бірақ тесік емес. Яғни, эмальды қалпына келтіруге байланысты тісжегіні бастапқы кезеңінде өңдейді.

Бүгінгі таңда препаратты 50 қазақстандық клиникалар сатып алды. Оның басты артықшылығы – бұл қазіргі заманғы медицинадағы негізгі талапқа сай, яғни, аурудың алдын-алып, бастапқы кезеңде тоқтатуға мүмкіндік береді. Міне, осыған дәрігерлер де баса назар аударуда.

АСХАТ ОСПАНОВ, ТІС ДӘРІГЕРІ:

 - Менің міндетім – тісжегі мен оның асқынуларын болдырмау. Біз инодент препаратын 1,5 ай бұрын қолдандық. Менде тек 2 пациент бар еді. Ештеңе бұрғылаудың қажеті жоқ. Анестезияға қажеттілік жоқ. Сіз жай ғана баламен сөйлесіп отырасыз және тіске жағасыз.

Қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан формула негізінде Швейцарияда отандық өнім үшін арнайы шикізат дайындалады.  Мұнда тек материал буып-түйіледі. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің гранттық қаржыландыруының арқасында өндіру көлемі 2 есеге артқан.

ӘСЕЛ БӨЛЕНОВА, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Біз оны стерильдеп қолмен ораушы едік. Бірақ механикалық орау өте ұзақ уақытты алады. Тиісінше, өнімнің шығарылымы аз. Бірақ біз 60 миллион грант алдық. Соның арқасында біздің өнімімізді жылына 100-150 мың құты шығарса, бүгінде бұл көрсеткіш 300 мыңнан асып жығылады. Жылына 350-400 мың құты жасап шығарамыз.

Қазақстандық өнімдерді жеткізуге келісімшарттар қазірдің өзінде Украина мен Ресейдегі 30 клиникамен жасалды. Жақын арада отандық өнім Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне де жеткізіледі.