Венгрияда Түркі халықтарының кезекті құрылайы өтті

Венгрияда Түркі халықтарының кезекті құрылайы өтті

Мажарстанның Бугац қаласында түбі бір, тамыры ортақ түркі халықтарының кезекті құрылайы өтті. Ауқымды жиынға жиналған 30-ға тарта делегацияның қатарында қазақстандық топ та болды. Бугацтың Атилла алаңында мерекелік шеру ұйымдастырылды. Қатысушылар жебе тарту сынды көне спорт түрлерінен жарысты. Бұған қоса, ғылыми конференциялар, ұлттық музыка концерті, шаман әндерінің кеші құрылтайдың мазмұнды өтуіне сеп болды. Қазақстаннан барған делегация өкілдері Венгриямен арадағы тарихи, мәдени және экономикалық байланыстардың нығайып келе жатқанын жеткізді. Қазақстанда ашылған ежелгі ғұндардың тарихы мен мәдениетін зерттейтін орталықтың жұмысы жайлы айтып берді. Бұдан бөлек, ұлттық нақышта безендірілген киіз үй тарту етіп, барша бауырларды қазақ жеріне тарихи туризм жасауға шақырды.

ЛАСЛО КЕВЕР, МАЖАРСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ СПИКЕРІ:

-  Құрылтай қатысушыларының барлығы әйгілі гұн қағанатын билеген Атилла батырдың ұрпақтары. Мажарлар батысқа қоныстанған  Шығыс халқы. Біздің халқымыздың санасында шыққан жеріміз Орта Азия екені жатталып қалған.