Қазақстанның брендтері жайлы кітап жарық көрді

Қазақстанның брендтері жайлы кітап жарық көрді. Бұл – орыс және ағылшын тілдеріндегі екінші басылым. Онда экономиканың түрлі салаларындағы жетекші отандық компаниялар жайлы жазылған. Елдің шағын және орта бизнес өкілдері туралы ақпарат енген. Авторлардың айтуынша, басылым қазақстандық брендтердің әлемге танылуына жол ашпақ. Кітап Қазақстанның, Ресейдің, Беларусь және өзге де елдердің министрліктер, ведомстволары мен кітапханаларына берілмек. Сондай-ақ шет елдердегі елшіліктеріміз бен сауда-өнеркәсіп палаталарына таратылады.

ӘЛІМЖАН ТОҚТАСЫНОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазіргі таңда ірі трансұлттық компаниялар Қазақстанға көптеп келуде. Олар шикізат қана экспорттап қоймай, дайын өнімдерді де алады. Жыл сайын мұндай тауарлардың тізімі артып келеді. Бұл кітап ең алдымен, ірі бизнес пен өз ісін енді бастағандарды біріктірді. Сондықтан жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін ғана емес, тауарларымыз бен өнімдерімізді экспорттаушылар үшін де керек деп ойлаймын.