Қостанайлықтар қола дәуіріне саяхат жасады

Қостанай облысының Лисаков қаласында ежелгі технологиялар мен мәдени коммуникациялардың бірінші халықаралық фестивалі өтті.  Онда қола дәуіріндегі адамдардың тұрмыс-салты, қолданған бұйым-заттары көпшіліктің назарына ұсынылды. Қола дәуіріндегі тайпалардың көптеген тұрақтары мен ескерткіштері осы маңнан табылған. 30 жыл бұрын басталған қазба жұмыстары мұнда әлі жалғасып жатыр.

ШЫНАР ЕРМАҒАНБЕТОВА, ЛИСАКОВ ЖОҒАРҒЫ ТОБЫЛ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Белбеудің құралы туралы айтсақ, онда бұл алтын біздің алтынға ұқсамайды. Бұл басқа жерден, басқа елден әкелінген зат. Сондықтан бұл заттарға қарағанда елдер арасында сауда байланыстары болғанын айғақтайды.

ЭММА УСМАНОВА, ЛИСАКОВСК КРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Лисаковск сынды кішкентай қала үшін мұндай музейдің болғаны керемет. Бұл біріншіден. Екіншіден, мұндай шаралардың туризм тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ғылымның ағартушылық және туристік мәні осында жатыр. 

Қола дәуіріндегі тайпалардың күнге табыну рәсімі. Метал қорытып, өндірісті игере бастаған, дән егіп, егіншілікті үйрене бастаған көне адамдардың күнге, отқа тәу етуі түсінікті жәйт, - дейді зерттеушілер.

Мынау сол 4 мың жыл бұрын қола дәуірінде қолданылған өндірістік пеш. Үрлегішпен дем берген кезде қызу 1500 градусқа дейін жеткізілген. Осы пеште қоланы қорыту арқылы, оны қалыпқа құйып, жебенің ұшы, басқа да қару-жарақ құралдары жасалған.

Фестивальде тоқыма матаны қалай дайындағандығы нақты іс жүзінде көрсетілді. Көпшілік біле бермейтін ертеден келе жатқан ырым-жоралғылар жайында да айтылды.

АЙМАН ҚАДЫРХАНОВА, ЛИСАКОВ ЖОҒАРҒЫ ТОБЫЛ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Негізі киіз жасағанда тілі бар келіншектерді жібермеген. Неге десеңіз, тілді адам болса, киіз жасаған кезінде киіздің бір шеті ұзын болып шығып кетеді деген екен.

Ашық аспан астында өткен тарихи шараға келушілер сол бір кезеңнің киімдерін киіп, құралдарын қолданып көру мүмкіндігіне ие болды. Ұйымдастырушылар осындай фестивалді дәтүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.