Сыр бойының шаруалары күн энергиясын пайдалана бастады - Kazakh TV

Жайылымдық жерлерді тиімді игеруде баламалы энергия көздерінің пайдасы зор. Бұны Сыр бойындағы шаруалар іс жүзінде дәлелдеп отыр. Шопандар, әсіресе жер астынан су шығаруға және тұрмыстық қажеттіліктер үшін күн панельдерін пайдалануға көше бастаған. Енді олар тоқ көзін тәулік бойы пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр.

НЫШАНБЕК МОЛДАШЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бүгінгі таңда 10 жылжымайтын үйлерге, 5 жылжымалы шаруашылықтың вагондарына қойдық. Шопандар қалаған жеріне барып, кұдыққа мотор салып пайдалана береді.

Ең бастысы – жасыл экономика бағытын ұстанған шаруашылықтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бүгінгі таңда шаруалардың 80 пайызға дейінгі шығыны республикалық қордан субсидияланып отыр.

ПІРМҰХАМЕД СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

-  Жайылымдық жерлерді дамыту ушін осы кұдықтар қазуға, ұңғымалар қазуға және олардың күн панельдері, олардың көшпелі вагондарына бізде 80 пайыздай субсидия төленіп келе жатыр. Бізде биылдың өзінде 67 құдық қазылып отыр. Соның есебінен қазір 10 мың гектардай шабандық жерлер игеріліп жатыр.

Өткен жылы Сыр өңірінде 35 шаруашылық баламалы энергияны пайдалана бастаса, тек биылдың өзінде 56 кәсіпкер өз қожалығына осы технологияны енгізген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер