«National Geograpic Qazaqstan» журналы СҚО жайлы арнайы жоба дайындайды

«National Geograpic Qazaqstan» журналы Солтүстік Қазақстан облысы жайлы арнайы жоба дайындауда. Өлкетанушылар, журналист және суретшілерден құралған экспедиция мүшелері 2 апта ішінде 1,5 мың шақырым жолды еңсеріп, 20-дан астам тарихи орынды аралауды жоспарлап отыр. Саяхатшылардың айтуынша, фото және бейнекамера нысанасына астықты аймақтың рухани-мәдени жерлері мен сұлу табиғатымен қоса, өңірдің танымал тұлғалары да суретке түседі. Ал ең жарқын суреттер мен бейнежазбалар аймақтың фотобанкіне беріледі.

АЛЬБЕРТО ДЕ МАУРО, ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕСІ /ИТАЛИЯ/:

-  Қазақстанның бұл өңіріне саяхат жасау мен үшін бірегей мүмкіндік. Бәрінен де мені облыстың әсем табиғаты мен адамдары таңғалдырды. Олар – өте жайдары және адамгершілігі мол.