Жамбыл облысында «Арми-2018» халықаралық әскери ойындары өтті

Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Қытай, Ресей және Қазақстан сынды 7 елдегі 24 полигонда 32 мемлекеттің командалары ашық кеңістікте, әуеде және теңіздегі іскери іс-қимыл жөнінен шеберліктерін байқасуда. Бұл – IV «Арми-2018» халықаралық әскери ойындары. Еске салсақ, жарыс 28 шілдеде басталды. Атап өтерлігі, бұл жолы қазақстандық жауынгерлер 28 түрлі сайыстың 14-інде бақ сынайды. Олардың барлығы көп деңгейлі іріктеуден өтті. Бірнеше ай бойы «Астана», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарындағы қарулы күштердің әр түрінен ең мықты жауынгерлер анықталды.

ЖАНАРГҮЛ АҚБАЛАНОВА, СЕРЖАНТ:

 - Әйелдер кешенді күш жаттығуларынан өтті, бір минут ішінде кеудені жерден көтеруге және пресс жасауға әрқайсысына 30 секунд уақыт берілді. Сондай-ақ гранатаны алыс қашықтыққа және дәлдікпен лақтырудан жарыстық. Менің ойымша, біз жақсы нәтижеге қол жеткіздік, бірақ одан да жақсы көрсеткішке ұмтыламыз.

Біздің еліміздің аумағында Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасында «Арми-2018» халықаралық әскери ойындары аясында «Артиллериялық өрт шеберлері», «Сұңқар салу» ұшқышсыз ұшу аппараттарының және «Сенімді қабылдау» әскери байланыс қызметкерлерінің жарыстары өткізілуде. Ойындарға барлығы 12 мемлекеттен 18 команда, оның ішінде Әзербайжан, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран, Қытай және Сирия жауынгерлері қатысады.

ФАКТ МАШОВЕ, ЗИМБАБВЕ КОМАНДАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Жеңіске жетеміз деп үміттенеміз. Біздің команда жақсы дайындалды. Бізде тіпті артиллерияны шабыттандыратын ұранымыз бар. Біз үшін бұл тек ойын емес, баға жетпес тәжірибе.

Халықаралық армия ойындары алғаш рет 2015 жылы Ресейде өткізілген болатын. Жауынгерлер жарыстарының басты мақсаты – қатысушы мемлекеттер командалары әскерилерінің 28 әскери-қолданбалы бағытта шеберлік-дағдыларын көрсетіп, іштеріндегі ең мықтыларын анықтау.