Қазақстанда тұңғыш рет жасанды жүрек донорлық жүрекке алмастырылды

Қазақстанда тұңғыш рет жасанды жүрек донорлық жүрекке алмастырылды. Бұл операция кардиохирургияның дамуын жаңа деңгейге көтеріп отыр. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы, - дейді дәрігерлер. Ол әдеттегідей тамақтанып, теледидар тамашалап, туған-туысымен сөйлеседі. Алайда мамандардың айтуынша, әзірге жан сақтау бөлімінде дәрігер қаралуында болуы тиіс.

ЮРИЙ ПЯ, «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ТӨРАҒАСЫ:

 - 9 ай бұрын бұл науқасқа донорлық жүрек трансплантациялау операциясын жасау мүмкін емес еді. Жасанды жүрек орнатылғаннан кейін оның өзге де ағзаларының жұмысы жақсарып, артериялық қан қысымы қалыпқа келді. Сонымен 3 айдан кейін біз донорлық жүрек іздестіре бастадық. Мұндай операция әлем бойынша Қазақстанда бірінші рет жасалып, сәтті аяқталғанына өте қуаныштымыз.

СARMAT толық жасанды жүрегін зерттейтін халықаралық клиникалық зерттеулерге Ұлттық кардиохирургия орталығы да еніп отыр. Бұл – терминалды жүрек жеткіліксіздігі бар науқастың жүрегін алмастыратын биопротез. Оның салмағы тура – 1 кг.  Қазіргі уақытта мұндай операцияны 60 адам күтуде.  Ал петропавлдық Алексей Чабан болса, операциядан соң жаңа жүрегіне бейімделіп жатыр. Еш қолайсыздық сезбеймін, - дейді ол.

АЛЕКСЕЙ ЧАБАН, ПАЦИЕНТ:

 - Мен аптасына 3 рет спортпен айналысамын. Бұған дейін де спортқа жақын болатынмын. Сондықтан отадан соң да жаттығуларымды жалғастыруды шештім. Сырқат ұлт таңдамайды. Сондықтан мұндай операциялар әр ел үшін маңызды. Бізде отаның сәтті жасалып жатқанына қуаныштымын.

Алексейдің алдағы жоспары – отбасына көңіл бөліп, спортпен көбірек шұғылдану. Және де ол донорлық жүрек трансплантациясын күтпек.