Маңғыстау облысында туристерге арналған рекреациялық аймақ салынбақ - Kazakh TV

Маңғыстау облысында ірі туристік жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Әйгілі Қарақия ойпатының Ащысор деп аталатын төңірегінде рекреациялық аймақ салу көзделуде. Бұл үшін Каспий теңізінен арық қазылып, аумағы 300 шаршы километрге жуық жер тұзды сумен толтырылады. Келешекте жасанды суқойма жағалауында қонақүйлер бой көтеріп, демалуға келушілерге арналып жағажай кешендері салынбақ. Жобаның алдын ала құны 60 млрд теңгеге бағаланып отыр.

ШОЛПАН ІЛМҰХАНБЕТОВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жобаның техникалық-қаржылық негіздемесі дайын. Ол әлеуметтік желілерде қызу талданып жатқан тақырып сауалдарына жауап береді деп санаймыз. Үкіметтік емес ұйымдар көтерген мәселені талдап, келешекте болуы мүмкін қауіптің алдын алу жолдарын қараймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер