Шәкәрім жайлы жаңа дерек - Kazakh TV

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне қатысты жаңа дерек белгілі болды. Абай кітапханасының қызметкерлері тапқан 1914-жылғы «Ауыл шаруашылығына шолу» статистикалық мағлұматтарында ақынның күнделікті өмірінен сыр шертер мәлімет табылды. Оған сәйкес, Шәкәрімнің қыстауында 16 адам тұрғаны анықталып отыр. Сондай-ақ кітапта мал саны туралы да мәлімет келтіріледі. Атап айтсақ, Шәкәрімге тиесілі қой 400 бас шамасында болған. Сирек мағлұмат философ ақынның 160 жылдығы қарсаңында көпшілік назарына ұсынылып отыр.

РАХИЛЯ АДИКАЕВА, АБАЙ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

– Бұл кітап несімен қызықты? Мұндағы мәліметтердің арқасында Шәкәрім Құдайбердіұлының ол қыстауда қанша уақыт тұрғанын білдік. Мысалы, ол жерде әулеттің төртінші буыны өмір сүріп жатқаны жазылған. Қандай шаруашылықпен айналысқаны да айтылыпты. Түйе өсіргенін де біліп отырмыз. Міне, осындай ұсақ-түйек мәліметтерге дейін жинақталыпты.

МЕДЕТ БОЖАН, АБАЙ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МАМАНЫ:

 - Бұл кітаптың ешқандай көшірмесі жоқ. Жалғыз дана. Түп нұсқада 1914 жылғы кітап. Енді мұның көшірмесін мүмкіндік болса жасаймыз деп жатырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер