Әулие ата – туристік мекен

Тараз өңірі  – туризмді дамытуға қолайлы аймақ. Өңір жылына 2 миллион саяхатшыны қабылдауға дайын. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шежірелі өлке  тарихи мәдени ескерткіштерге де бай. Енді жамбылдықтар бірнеше тарихи кезеңдерді біріктіретін ауқымды туристік алаң ашуды жоспарлап отыр. Көрікті мекен, туристерді тартып, аймақтың өркендеуіне септігін тигізбек.

ЖОМАРТ ЖҮНІСОВ, КӘСІПКЕР:

 - Біздің келбетіміз баяғы заманға сай келіп тұр, оны текущий ремонтын жасап тұрамыз, 1 келбетке бояймыз десе, біз оған қарсы емеспіз, енді кәсіпкер болған соң бәріне икемделеміз ғой, заманына сай жұмыс істейміз.

1962 жылы негізі қаланған ғалым Константин Скрябин тұрған музей үй тоқсаныншы жылдары сейсмологиялық қауіп-қатерге байланысты жабылған болатын. Биыл міне қайтадан жаңғыртылған бұл нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. Жалпы, өңірдің ішкі туризмды дамыту картасына енгізілген кешен 26 ғимаратты құрайды, ал олардың 15-не күрделі қайта жөндеу жұмыстары қажет. Егер де жоба биылдан бастап  қолдау тапса, аймақ экономикасының ілгерілеуіне үміт зор.

ҚАРЛЫҒАШ АРАЛБЕКОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жарықтандыруы мостики, гүлдер, вазы деген сияқты оның барлығы сол кездің тарихына үйлесімді келіп тұру керек та сонда туристер өткен ғасырға сапар шеккендей болып, ол әрине ол жерден жақсы әсерде кету керек.

Шаһардың көркіне айналғалы тұрған тағы бір туристік кешен «Әулиеата кезеңі» деп аталатын болады. 19-ғасырдың аяғы  мен 20- ғасырдың бас кезінде бұл жерде бай көпестердің, қолөнершілердің тұрғын жайлары, сондай-ақ сауда дүкендері болған.

САУРАН ҚАЛИЕВ ТАРИХШЫ, АРХЕОЛОГ:

 - Міне қазіргі біздің тұрған бөлігіміз сол Тараз қаласы Бектұрғанов көшесі, одан кейінгі Пушкин көшесі, Асқаров көшелері одан кейін Төлеби көшелерінің төменгі бөліктері толығымен сол Әулиеата кезеңіне жататын қала құрылысының ерекше сәулет өнерінің туындылары боп табылатын ескерткіштер болып есептелініп отыр.

Болашақта «Әулие ата шаршысы» мен «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығын бірыңғай туристік жаяу жолмен біріктіру жоспарлануда. Сан ғасырлар бұрын  ұлы Жібек жолының бойында тіршіліктің күре тамыры болған  ежелгі Тараздың тарихи бай мұрасы, осылайша өңірдің әлеуетін арттыра түспек.