Қазақ елінің жарқын спортшысы Денис Тен өмірден озды - Kazakh TV

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ауыр жарақаттан көз жұмды. Қазақ елінің мақтанышы, дарынды спортшының өмірі небары 25 жаста қиылды. Қайғылы жағдайға оқыс оқиға себеп болған. Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, VII Азия ойындарының чемпионы, әлем біріншіліктерінің жүлдегері Денис Теннің есімі әлемге танымал. Сегіз қырлы, бір сырлы жерлесіміз спорттағы жетістіктерімен қатар, қоғамдық өмірде де белсенділік танытты. Соңғы кездері жанкүйерлерін өзі жазған әндерімен қуантып жүретін. Мәнерлеп сырғанау спортының ең жарқын жұлдыздары оның «Денис Тен және Достар» атты думанына ерекше ықыласпен қатысып, қолдау көрсетіп келді. Мәнерлеп сырғанаушы өмірге деген құштарлығымен ерекшеленетін, жаңа белестерді бағындырудан талмайтын. Әлемдік спорттың жарқын жұлдызы Денис Тен енді арамызда жоқ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер