Ұлы дала еліне саяхат - Kazakh TV

Тұлпардың тұяғы, сұңқардың қанаты жетпес Ұлы дала еліне кешенді саяхат. Қазақстанның табиғи, тарихи киелі мекендерін толықтай қамтитын 6 бірдей экспедиция ұйымдастырылады. 140 кәсіби маманнан құралған бірнеше топ  бір мезгілде «Тянь-Шань маржаны», «Жоңғар Алатауы», «Алтай – өркениет бесігі», «Сарыарқа», «Теңізден теңізге дейін» және «Жаңа Жібек жолы» бағыттары бойынша сапарға шықпақ. Шілде айының 18-нен бастау алатын танымдық шара қыркүйек айының 29-на дейін жалғасады. Мақсат – еліміздің туристік әлеуетін өзімізбен өзгеге жаңа қырынан таныту.

РАШИД КҮЗЕМБАЕВ,  «KAZAKH TOURISM» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - 3 ай ішінде кәсіби мамандардан құралған топ еліміздің ең қызықты жерлерін аралап, олар туралы қазақстандық және шетелдік туристерге баяндайтын болады. Ал экспедиция нәтижесі бойынша анықталған ақпарат тек қана маркетінг үшін емес, сол жерлерде туризмді әрі қарай дамыту үшін қажетті инфроқұрылымдық шешімдерді табуға мүмкіндік береді.

Экспедиция барысында қамтылған табиғи нысандар бойынша жолсеріктік  жаңа нұсқалар әзірленетін болады. Сапар бойы «Хабар» Агенттігі ақпараттық қолдау көрсетеді. Қазақстанның алғашқы жерсеріктік «Kazakh TV» арнасы экспедициядан арнайы телевизиялық бағдарлама жасайды. Жаңа өнім жыл соңына дейін әлем елдеріне 5 бірдей тілде таратылмақ.

САНДУҒАШ РАХЫМЖАНОВА,  «KAZAKH TV» АРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің түсіру тобымыз экспедицияның құрамында 6 бірдей бағыттың барлығына да бастан-аяқ қатысатын болады. Алдағы қыркүйек айындағы жаңа маусымда осы сапарлардың нәтижелеріне қатысты жоба жүзеге асырылмақ. «Across the Kazakh land» бағдарламасы 25 минуттық 30 шығарылымнан тұрады деп жоспарлануда. Бұл халықаралық аудитория мен шетелдік туристерді елімізге тартудың тиімді қолданбалы құралы болмады деп ойлаймын.

Сондай-ақ Қазақстанды зерттеуге арналған игі шараға Ресейдің National Geographic тобы мен бірқатар шетелдің танымал блогерлері қатысуға ниет танытқан. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер