«Хабар» Агенттігі Макаоның «TDМ» мемлекеттік телеарнасымен әріптестік орнатты. Тараптар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісімге сай, қос арна өзара жаңалықтар, телехикаялар және деректі фильмдермен алмасып тұрады. Сондай-ақ мамандар біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен тағылымдамалардан өтіп, ортақ оқыту жиындарында тәжірибе жинақтайтын болады. Серіктестер бұл күндері Астанада өтіп жатқан «Asia Media Dialogue» форумының аясында осындай уағдаластыққа қол жеткізді.  Бұл – Қазақстан мен Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының тұңғыш бірлескен ірі жобасы. Айта кетейік, соңғысы Азия мен Тынық мұхиты жағалауындағы 69 ақпарат тарату ұйымын бір арнаға біріктіріп отыр.

ДИНАРА АБАҚАЕВА, «ХАБАР» АГЕНТТІГІ АҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Өткен жылы ABU-дің бас ассамблеясында «Хабар» Агенттігі әкімшілік кеңестің құрамына қабылданды. Бұл – Бас ассамблеядан кейін одақтың жұмысына қатысты мәселелерді шешетін ұйым. Біз келесі жылы Макаода өтетін жиында әкімшілік кеңесінің мүшесі атандық. Ол жақтан келген делегаттар бізді әкімшілік кеңестің жұмысына қатысуға шақырды.

«Азияның медиа диалогы» атты халықаралық форумы отандық журналистер мен жергілікті медиа мамандарға түрлі, конференциялар мен шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіптік білім мен тәжірибе алмасудың жаңа мүмкіндігін ашты. Олардың бірі радио журналистикада ширек ғасырлық еңбек өтілі бар австралиялық мамандардың воркшоп оқыту жиыны болды. Пол Амос пен Ронни Стентон әріптестерімен бай тәжірибелерімен бөлісіп, жаңадан радиостанция құрудың амал-тәсілдерін айтып берді. Шетел мамандарының айтуынша, XXI ғасыр – ақпараттық дәуір. Сондықтан радио БАҚ пен әлеуметтік желілердің бәсекесіне қабілетті болуы тиіс.

РОННИ СТЭНТОН, МЕДИА КОУЧ, RONNIE STANTON MEDIA:

-  Қазір әлем бойынша радиостанциялар өз аудиториясы үшін ақпараттық күрес жүргізіп жатыр. Бұл тартыс өзара емес, Youtube, Facebook, Netflix сынды ойын-сауық желілеріне төтеп беруге тырысуда. Сондықтан радиожурналистер заман ағымына сай бәсекеге қабілетті болулары тиіс.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер