«Жасыл баспасөз» байқауы

Қазақстанда «жасыл бастамалар» және адамдарды қоршаған ортаны қорғап, аялауға ынталандыру ісіне басымдық беріледі. Елордада «таза энергетика» және баламалы технологиялар» тақырыбын халыққа белсенді насихаттап жүрген БАҚ өкілдері марапатталды. Мұнда «жасыл баспасөз» байқауының қорытындысы жарияланды. Жылда өтетін дәстүрлі шара биыл да  Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының мұрындық болуымен ұйымдастырылды. 

АЙГҮЛ СОЛОВЬЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ:

-  Игі шара экологиялық мәдениетті қалыптастырып, адамдардың табиғи ресурстарды үнемдеуге шақырып, бейімдеу үшін қолға алынды. Бұл баршамызға қатысты аса өзекті мәселе. БАҚ 4-ші билік өкілі болғандықтан, осы маңызды жайтты халықтың санасына құюда белсенділік танытып жүр. Негізінен сауатты, кәсіби түрде шынайы ақпарат беретін үміткерлердің еңбектері елеусіз қалмады. 

Айта кетейік, дәстүрлі байқау аясында «Үздік бағдарлама», «Үздік сюжет», «Баспасөздегі үздік мақала», «Ғаламтор желісіндегі үздік материал» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды. Жалпы үздік деп танылған 15 журналист алғыс хат және ақшалай сыйақымен марапатталды. «Үздік телеарналық сюжет» легінде біздің арнамыздың тілшісі Зарина Асанова жүлдегерлер қатарынан көрінді.