Қазақстан-Әзербайжан: ЖОО арасындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Әзербайжан білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде. Бұл байланыс студенттер мен оқытушылар алмасу және ортақ білім беру жобаларын жүзеге асыруға бағытталған. Соңғы уақытта Қазақстан мен Әзербайжан ЖОО-дары өзара іс-қимыл жөніндегі бірнеше меморандум мен келісімге қол қойды. Ресми статистикаға сәйкес, 2016-2017 оқу жылдары Әзербайжан университеттерінде 50 Қазақстан азаматы білім алса, отандық ЖОО-да әзербайжандық 160 студент білім алған.

ЗАФАР КУРБАНОВ, БАКУ МҰНАЙ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ДЕКАНЫ:

 - Біз Қазақстан-Британ техникалық университетімен бірге келіссөзге қол қойдық. Бұл құжат бұдан былай 2 оқу орны ортақ ғылыми зерттеулер мен мәдени шаралар өткізеді дегенді білдіреді. Бұдан бөлек, біз Қазақстанның өзге де ЖОО-мен бірге ынтымақтастық орнатамыз деп жоспарлап отырмыз.

Көптеген оқу орындарында сабақ ағылшын тілінде өтеді. Бұл үрдіс 2 елдің көптеген университеттерінде байқалады. Ол білім беру сапасының жақсы көрсеткіші болып саналады.

ФАТИМА ДУРСУНОВА, БАКУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

 - Баку мемлекеттік университеті Қазақстан университеттерімен бұрыннан ынтымақтастық орнатқан. Сонымен қатар біз Қазақстанның аймақтағы университеттерімен де әріптестік байланыс орнаттық. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Есенов атындағы инженерлік-технологиялық университет те ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Л. Гумилев атындағы Еуразиялық университетпен әріптестік аясында Баку университетінде Абай атындағы Қазақ мәдениетінің орталығы ашылған. Мұнда тіл мамандары қазақ шығармаларын әзербайжан тіліне аударып, шығармашылық кеш өткізеді. Орталық Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай» романын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.