Шет елде білім алып, тіл ұстарту – заман талабы. ОУЛУ халықаралық білім беру орталығы қазақстандық оқушылар мен түлектерге бірегей ұсыныс жасап отыр. Жастардың қытай тілін үйреніп, кәсіби білім алатын мүмкіндігі бар. 3 жылда оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттер Қытайдың беделді университетіне де түсе алады.

ВИКТОРИЯ КОВЧЕРИНА, ЖАЗҒЫ ТІЛ КУРСЫНЫҢ СТУДЕНТІ:

 - Менің ойымша бұл колледж студенттері үшін өте ыңғайлы. Мұнда қажеттінің бәрі бар. Дүкен де, асханада да дәл жанында. Қытай тілін жетік меңгеру үшін орта керек. Ең бастысы жазғы демалысым босқа өтіп жатқан жоқ. Маған бұл жер ұнайды.

Виктория Ковчерина қазір Бейжіңдегі Нонг Е мамандандырылған колледжінде оқып жүр. 50 жылдық тарихы бар колледж қазір Қытайдағы 100 үздік оқу мекемесінің қатарына енді. Мұндағы оқу бағдарламалары қытай тілін еркін үйренуге ыңғайластырылған. Курстар қысқа мерзімді және 3 жылдық болып бөлінеді. Ал 9 сыныпты тәмәмдап келгендер мектеп бағдарламасын меңгереді. Нәтижесінде колледжді бітірген түлек қытай тілін үйреніп, орта білім аттестаты мен кәсіби мамандық алып шығады.

ЕЛЕНА ПРОТАЗАНОВА, OULU ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Біз кәмелетке толмаған жасөспірімдердің барлығын өз қамқорлығымызға аламыз. Балалар қарауымызда болады. Шәкірттерге 7 күннің ішінде 24 сағат бойы қолдау жасайтын кураторлар да бар. Оларға телефон шалып кез келген мәселені айта алады.

ОУЛУ халықаралық білім беру орталығы арқылы мұнда Ресей, Қазақстан, Украина және Өзбекстан елдерінен жастар жиі келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер