Қазақстан Түркияның медициналық туризм тәжірибесінің озық үлгілерін ендірмек. Шипалық саяхат бағытын дамыту үшін Түркияның салалық қауымдастығы елімізде медициналық туризм мектебін ашуға ниетті. Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық дәрігерлер стоматология мен ағза мүшелерін трансплантациясы сынды қызметтерді жоғары деңгейде сапалы меңгеріп алған. Сондай-ақ шетелдік науқастар Қазақстанда жүректеріне операция жасау, экстракорпоралды ұрықтандыруды өзге елдерден құны бірнеше есе төмен бағада жасата алады. Халықаралық сарапшылар, Қазақстанда шетелдіктердің үлкен ағынын қабылдауға қауқарлы жабдықталған емдеу мекемелері жеткілікті дейді. Бұл, әсіресе, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан мен ТМД елдерінің азаматтарына аса тиімді болмақ.

ХАЛИДА САДЫҚОВА, ТМД БОЙЫНША ТҮРКИЯЛЫҚ МЕДТУРИЗМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ САРАПШЫСЫ:

– Біз бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық туризм мектебін ашуға ұсыныс жасап отырмыз. Ел аумағында осы бағытты жетілдіру үшін сарапшылық кеңес беріп, қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы тұрғыда алда атқаратын ынтымақтастық аясы мен жұмыстар жоспары әзірленді. Біздің халықаралық қауымдастыққа мүше медициналық туризм саласыныың әлемдік деңгейдегі кәсіби сарапшылар, Қазақстанға келіп, жергілікті дәрігерлер мен мамандарды оқытатын болады. Спикерлердің тізімі жасақталып қойды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер