«Kazakh TV» ғаламтордағы белсенділігін арттырады - Kazakh TV

«Kazakh TV» және «Хабар24» телевизиялық арналары ғаламтордағы белсенділігін арттырады. World Content Market конференциясы аясында контентті жаңа OTT-алаңдарында орналастыру жөнінде келіссөздер өтті. Айта кетейік, қазіргі кезде «Хабар» Агенттігіне тиесілі арналар «Vintera.TV» халықаралық платформасында орналастырылған. Оның аудиториясы 10 миллион пайдаланушыны құрайды. Технологиялық компания құқық иеленушілерге бірнеше мүмкіндік ұсынады. Мәселен, кепілді аудитория және қаралым санының дәл статистикасы бар ұсынылған контенттен жаңа телеарна жасау. Бұдан басқа, орналастыру 200 ірі OTT-алаңдарында жүргізіледі. «Vintera.TV» басымдықтарының бірі – қазақстандық қонтентті кеңейту, дейді компанияның бас директоры Герасим Гадиян.

ГЕРАСИМ ГАДИЯН, VINTERA.TV КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Телеарналардың немесе олардың контентін тек ғана «Vintera.TV» алаңында ғана емес, Ресейдегі 200-ден аса OTT-алаңында орналастыруға мүмкіндігіміз бар. Олардың арасында ең ірілері – Яндекс, ВКонтакте, Одноклассники, Rutube. Ал Қазақстан нарығына келетін болсақ, қазір «Kazakh TV», «Хабар24» секілді танымал арналарды орналастыруды ойластырып жүрміз. Осы жоспарымыз алдағы 1 айда жүзеге асады.

ЕЛЕНА САНБИМ,  WORLD CONTENT MARKET ДИРЕКТОРЫ:

 - Платформалар дамып келеді, қатысушылар кез келгенімен жұмыс істеуге дайын. Бұл OTT және онлайн-кинотеатрлар. Қазір қарқынды дамып жүрген осы платформалар шетелдік контентті алатын болды.

Айта кету керек, World Content Market конференциясы аясында 3 күн ішінде 600 компанияның 1500-ден астам өкілі Мәскеуде аудиовизуалдық жобаларды сатып алу, сату және бірлесіп жасау бойынша келіссөздер жүргізді. Биыл шараға әлемнің 40 елінің өкілдері қатысты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер