Қазақстанның білім күндері Өзбекстанда

Қазақстанның білім күндері Өзбекстанда

«Өзбекстандағы Қазақстанның білім күндері». Осындай атаумен Самарқанд қаласында халықаралық бағдарламалар Орталығының ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті. Қазақстанның жетекші 15 жоғарғы оқу орнының өкілдері көрші елдің жастарына білім беру саласындағы өз мүмкінішіліктері туралы айтты. Айта кетейік, жыл сайын шетелдік оқушылар үшін бөлінетін грант саны артып келеді. Жатақхана беріліп, шәкіртақы тағайындалады. Бұндай тиімді жағдайлардың арқасында биыл Өзбекстанның 5 мың жас түлегі Қазақстанның жоғарғы оқу ордаларын таңдап отыр.

ЗАРИНА ЯЛЛАБАЕВА, КӨРМЕ ҚОНАҒЫ:

 - Самарқандқа Қазақстаннан келген көрмені көріп, өзіме қажетті мәліметтерді алдым. Онда қандай іргелі жоғарғы оқу орындары бар, олардың қай салаға мамандық дайындайтынын сұрап білдім. Болашақта білімімді сол жақта жалғастырсам деген ойым бар.

МАДИНА ХОДИЕВА, КӨРМЕ ҚОНАҒЫ:

 - Көрмеден өте көп мәлімет алдық. Самарқандтық жастар Қазақстандағы университеттерге барып, жоғарғы білім, мол тәжірибе жинақтайды деген ойдамын. 

Жәрмеңкеде Қазақстанның білім беру саласындағы басымдықтары мен оқу орындарының бүгінгі жетістіктері таныстырылды. Қос бірдей іргелі оқу орны өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Шетелдік студенттер Қазақстанда жоғары білім алумен қатар, бакалавриат, магистратура, доктарантура бағдарламаларын пайдалана алады.

ЗҮЛФИЯ ТӨРЕБЕКОВА, «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Ахмет Ясауи мемлекеттік университеті жыл сайын осы Түркі елдерінен келген азаматтарға 500-ге жуық білім гранттарын ұсынады. Қолда бар деректерге сәйкес жыл сайын Өзбекстаннан 110-120-ға жуық студент осы жоғарғы оқу орнына оқуға қабылданады. Биыл біз жоспар бойынша Өзбекстаннан осынша оқушы оқуға түседі деп күтіп отырмыз.

Қазақстанда қазірдің өзінде 14 мың шетелдік жас оқып жатыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті жоғарылату көзделіп отыр. Ал келесі қазақстандық білім жәрмеңкелері Түркіменстан мен Үндістанда да өткізуді жоспарлаған.