XV Еуразиялық медиа форум - Kazakh TV

Алматыдағы XV Еуразиялық медиа форумға әлемнің 70 елінен 800-ге тарта қонақ келді. Бұл тізімде әлемге аты мәшһүр саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, беделді халықаралық ұйымдардың, зерттеу орталықтарының басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Негізгі баяндамалар мен пікірталастар екінші күні өтеді деп белгіленген. Алқалы жиын форумды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева мен еліміздің ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың алғысөзінен басталады. Ал XV Еуразиялық Медиа Форумның алғашқы күні журналистер мен студенттерге «нон-стоп» жүйесінде авторлық шеберлік-сыныптары өткізілуде. Жақын және алыс шет елдердің танымал медиа-сарапшылары бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын көтереін болады.

СТИВЕН СОМЕРВИЛЛЬ, «REUTERS» АГЕНТТІГІ ЖУРНАЛИСТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінде жас журналистерді оқыту өте маңызды. Технологияның дамуына байланысты қазіргі кезде жаңалықтарды тарату жылдамдығы да артты. Сәйкесінше ақпараттарды жіті қадағалау қиындап барады. Сондықтан жас тілшілердің жауапкершілігі мен білімін жетілдіріп отыру керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер