Алматы қаласындағы Еуразиялық медиа форум әлемнің 60 елінен 800 қатысушының басын қосты. Спикерлердің қатарында аузы дуалы саясаткерлер, бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен Нобель сыйлығының лауреаттары бар. Айтулы оқиға жайлы 100 шетелдік және 150 отандық БАҚ өкілдері жариялайтын болады.

ГҮЛМИРА ӘЛІМБЕКОВА, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИА ФОРУМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - АҚШ жазушысы Лорд  Майкл Доббс, БҰҰ өкілі Давид Чакваидзе, Оскар сыйлығының номинанты Евгений Афинеевский, Нобель лауреаты МохаМона Сингх және тағы басқа танымал тұлғаларды күтеміз.

Биыл алқалы жиын «Эволюцияның 15 жылы: Әлем қалай өзгеруде және Әлем бізді қалай өзгертуде» тақырыбымен өтеді. Форумда халықаралық қатынастардың эволюциясы, жасыл экономикаға көшу, қоғамдық сенім, фейк жаңалықтар және құндылықтар эволюциясы сынды өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ сарапшылар халықаралық масс-медианың сандық дәуірі мен жаңалықты тарату форматы бойынша ойларын ортаға салады.

СЬЮ ФИЛЛИПС, ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИА ФОРУМНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:

- Соңғы 15 жылда әлемдік экономика, ақпарат тарату жолдары қатты өзгерді, жаңа технологиялар келді. Сессиялар көбінесе халықаралық диалог мәселесіне арналады. Тағы бір қызықты тақырып – жалған ақпарат тарату, яғни «фэйк-ньюс». Сонымен қатар спикерлер гендерлік теңдік мәселесінің дамуы туралы да ой бөлісіп, пікір алмасады. Сондай-ақ медиатехнологиялар саласында тәжірибе алмасу үшін шеберлік-сыныптары да ұйымдастырылады.

Осы уақытқа дейін медиа саласында өзінің айшықты орнын белгілеген шараға 6 мыңнан астам шетелдік қатысушы мен 1,5 мың әлемдік беделді БАҚ өкілдері қатысқан.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер