Алматыда XV Еуразиялық Медиа Форум өтеді

«15 жыл эволюция. Әлемдік өзгерістер». Ертең Алматыда өз жұмысын бастайтын дәстүрлі Еуразиялық медиа форумының тақырыбы осындай. Әлемдік медиа саласында өзінің айшықты орны мен маңызын белгілеген шара биыл да халықаралық масс-медианың ең өзекті әрі қызықты тақырыптарын талқылау алаңына айналмақ.

РУСЛАН ЖЕМКОВ, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИА ФОРУМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - О баста жоба құрылғанда East or West – Peace is bes, яғни Батыс не Шығыс болсын, бейбітшілік екеуінің ортасында деген ұран жиынның өзегіне айналған еді. Әлі күнге маңызын жойған жоқ. Біздің форум дәл осы мақсатқа жұмылдырған диалог алаңы болып келеді.

Биылғы форум  кезекті рет  әлемдік дәрежеде мойындалған майталмандарды бір алаңға жинайды. Мысалға Барак Обаманың кеңесшісі болған Роджер Фиск, әйгілі «Карточный домик» кітабының авторы, саясаткер Майкл Доббсты атасақ та жеткілікті. Медиа-форумның өзегіне соңғы 1 жылда әлемдік БАҚ-та үлкен талқыға түскен тақырыптар таңдап алынды. Олар 7 пленарлық сессияға арқау болады. Форумның алғашқы күнінде журналистер қауымына арнап ұзын саны 7 авторлық шеберлік сағатын өткізу жоспарланған.

АҚСҰЛУ АРЗЫҚҰЛОВА, ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИА ФОРУМЫ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ең алғашқы шеберлік сабағын бізде Ұлыбританиядан келген Юсуф Омар өткізеді. Тақырыбы  мобильдік журналистикаға қатысты болады. Сонымен қатар белгілі бір әскери қақтығыстар барысында арнайы репортажды қалай атқару бойынша шеберлік сағаты болады. CNN телеарнасының халықаралық ақпараттандырушы маманы Раян Смит арнайы келеді. Ол жаңалықтар блогы туралы, алда бізді не күтуде деген сұрақтарға жауап беріп, өз сараптамасы бойынша шеберлік сағатын өткізеді.

Форумның соңғы екі күні де қызу пікірталасқа арналады. Жиын 3 күнге жалғаспақ.Оған қатысуға 100-ден аса журналист тіркелген.