АЭФ cарапшылары студенттерге дәріс оқиды - Kazakh TV

Биылғы Астана экономикалық форумы әлемдік сарапшылар қауымы мен жігерлі жастарды біріктіретін интеграцияланған алаңға айналды. Дәстүрлі басқосудың аясында дәрістер фестивалі өтеді. Онда халықаралық жетекші  сарапшылар жас ұрпақты жаһандық сын-қатерлерді зерттеп, жауап іздеуге рух­тан­дыра­ды. 17-18 мамыр күндері елордадағы Назарбаев пен  Гумилев атындағы Еуразия университеттерінде арнайы іс-шара­лар, тұсау­кесер­лер, ғаламдық дәрежедегі экономис­термен кездесулер өткізілмек.

БАУБЕК СОМЖҮРЕК, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ИНОВАЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ :

 - Екі күннің арасында форумға қатысып жатқан белгілі сарапшылар біздің университетке келіп, геосаяси мәселелер, цифрлық технологиялар бойынша өздерінің лекцияларын оқиды. Осындай кездесулерде қарапайым студент белгілі тұлғаға өзінің саласында, мәселен экономика жағынан жетістікке жеткен адамға тікелей сауалын қойып, тікелей жауап ала алады.

Фестивальдің мақсаты – білім қуған шәкірттерді ғаламның технологиялық серпіндерімен таныстырып, әлемдік үрдістерден  құлағдар ету, экономика тұрғысында ақыл-кеңес беріп, табыс кілтінің құпияларымен бөлісу. Еліміздің белсенді тәлім алушылары мен жас ғалымдар озық ой майталмандарымен жүздесіп, жаңа идеялармен шабыттанады.

БОДАН ЖЕТІБЕС, СТУДЕНТ:

 - Экономика саласында белгілі World Bank-тің аға директоры Шантаянан Девараджан келеді. Оған мен өте қуаныштымын. Экономика факультетінде оқыған соң, бізге сабақ алатын адамдардың келуі – үлкен құрмет. Лекцияларын тыңдау біз үшін үлкен сабақ деп есептеймін. 

Жалпы, фестивальде әлемге танымал 14 беделді сарапшысы дәріс оқиды. Басты спикерлері – China Economic Quarterly журналының бас редакторы, «Азиялық басқару моделі» кітабының авторы Джо Стадвелл және CEO Shazam негізін қалаушы Крис Бартон.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер