Қазақстанда IT-мамандар дайындауға үлкен назар аударылуда. Мамандарды дайындау мақсатында, астаналық және Ұлыбритания колледждері арасында инновациялық smart-сынып құру туралы меморандумға қол қойылған. Айта кетейік, сынып заманауи техникалармен жабдықталатын болады. Онда жаңа оқу жылынан бастап тек бағдарламашылар ғана емес, дизайнерлер, жүйелік аналитиктер мен киберқорғаушылар да дайындалады деп күтілуде. Әрбір 3 ай сайын ағылшындық әріптестер білім беру жүйесін жаңартуда көмектесетін болады.

ҚУАНДЫҚ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, КОЛЛЕДЖДІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Алдағы уақытта өз тәжірибемізді одан әрі жетілдіріп, бөлісетін боламыз. Білім саласындағы цифрландыру белгілі бір дәрежеде артта қалып келеді. Сондықтан да табысты іс-тәжірибелерді ғана қолдануымыз керек. Шетелдік жетекші білім беру мекемелерінің жұмысын назарға алсақ, елеулі артта қалушылық бар. Мұны мойындауымыз керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер