Елордада Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғы­сының батыры, жазушы Қасым Қайсеновтің 100 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті. Әскери барлау мектебін үздік тәмамдаған аға лейтенант соғыстың алғашқы күндерінен-ақ қан майданға аттанады. Кескілескен ұрыстардың алғы шебінде жүріп көзге түскен  бозбала жау тылына түсіріледі. Чапаев атындағы партизан жасағының отрядын басқарып, Украина, Чехославакия, Румыния, Молдавия елдерін азат етуде ерен ерлік көрсетеді.

СЫРЫМ ҚАСЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Совет үкіметінің барлау майданында үлкен бір жоспарлары болған екен. Соны бір күн бұрын бұл кісі біздің барлаушыларға жеткізеді. Ертеңінде біздің әскерилер жау тылына барып бомбылап, тасталқан еткен екен. Сондай бұл кісінің тыңшылық іздестіру жұмыстары өте молынан болған деп айта аламыз.

Қасым Қайсеновке отан үшін от кешкен қаншама боздаққа бұйырмаған бейбіт өмірді көру жазды. Соғыстан кейін Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Партизан-Қаламгер Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін 30-ға тарта кітап-жинақтың авторы. Оның өнегелі өмір жолы  талай ақын-жазушы,  сазгер, суретші,  театр, киномайталмандарының шығармашылығына арқау болып жүр.

ҚУАНДЫҚ ҚЫСТЫҚБАЕВ, АКТЕР:

 - Қазақстанның халық қаһарманы Қасым Қайсенов атамыздың рөлін сомдау бұйырды. Оған шексіз бақыттымын. Қасым атамыздың ерлігін, сонау жат елде жалғыз өзі өзге ұлт арасында комондир болып, қазақтың қандай қазақ екенін, қазақ батырларының әліде сиремегенін, бар екенін көрсету, сол қырынан ашуға тырыстым.

Қазақтан шыққан даңқты тұлға, аңыз адамның майдан шебі мен бейбіт өмірге қосқан ерен еңбегі өлшеусіз. Қайырымды ұрпақ қайсар бабаларының ерлігін үлгі тұтып, лайықты жетістіктерімен жалғап келеді.

САУАЛНАМА:

 - Ел үшін қайталанбайтын, елін сүйген тұлға, көзі тірісінде-ақ аңыз адамға айналған ұлы перзент Қасым Қайсенов ерлігінің алдында басымды иемін. Мен болашақ әскери қызметші, әскери азамат ретінде осындай ерлердің ерлігін үлі етіп, Қорғаныс саласында өз еңбегімді сіңіру керекпін. Ардагерлерімізге айтар алғысым шексіз.

 - Ардагерлеріміздің қатары сиреп бара жатыр. Біз ерліктерін ұмытпай ізін жалғайтын жас ұрпақ олардың артынан жақсы із қалдыруға тырысамыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер