Ел басына күн туып, соғыс өрті тұтанғанда қорған болған қазақ жауынгерлерінің есімі – мәңгі жадымызда. Жеңіс жалауы желбіреп, фашистік басқыншылықтың күл-талқаны шыққалы арада 73 жыл өтті. Бұл күні сол қан майданға қатысқандардың өздері тұрақтылық пен батылдықтың тірі үлгісіне айналды. 1418 күнге созылған тынымсыз  шайқас, құрбандар мен орны толмас қайғылар артта қалды. Бұл майдангерлеріміздің өр рухы мен қайсарлығының жемісі.  

Ахат Бекмади – Жеңіс күнін жақындатқандардың бірі. Ол майданның ең маңызды шебінде Мәскеудегі қорғаныс жолдары мен Курск түбіндегі шайқаста жаумен айқасты.

АХАТ БЕКМАДИ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

 - Фашистердің мақсаты - Солтүстік Кавказ арқылы Волга озенін кесіп өту. Оларды кесіп өтіп, Каспийдің маңайындағы Батыс Қазақстанның жерін алып. Бізді Бакуден келетін жанар-жағыр май, Маңғыстаудан келетин, Атыраудан келетін жанар-жағар маймен тұншықтыру. Самолетіміз ұшпасын, танкілеріміз жүрмесін деп сондай мақсатпен шабуыл жасады.

Нонна Двойченко оныншы сыныптан кейін Сочи қаласында соғысқа шақырылды. Басында Краснодар өлкесіндегі Туапсе қаласында реттеушілердің бөлімінде қызмет көрсеткен, ал 1943 жылдың қаңтар айынан бастап Солтүстік Кавказ майданы 56-шы армиясының көшпелі хирургиялық бөлімшесінде  медбике қызметін атқарған.

НОННА ДВОЙЧЕНКО, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

 - Біз ұрыс алаңында болған емеспіз. Бұл 20 метрлік шатыр және майданға жақын орналасқан. Олар дереу жараланғандарды алып келіп, оларға дереу операция жасау басталады. Науқастың жарақатының  ауырлығына байланысты, оны маған жібереді. Жеңіл жарақат болса, сауығып, эвакуацияланады. Бірақ адам қиналып қайтыс боларда,  қарындасым деп айқай салғанда қорқып кететінмін.

Бұл соғыс 27 миллион адамның өмірін жалмап кетті, олардың 600 мыңы Қазақстаннан. Жүздеген мың отандасымыз соғыстың алғашқы күндерінен бастап өз еркімен майданға аттанды. Төрт жылдың ішінде республикада 12 атқыштар әскері, 4 атты әскер дивизиясы, 7 бригада және 50 полк құрылған. 528 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, оның төртеуі екі мәрте марапатталды, 110 мыңы Даңқ орденінің иегері атанды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер