Астанада КСРО Батыры Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнатылады

Астанада КСРО Батыры Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнатылады

Астанада Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнатылады. Бұл бас қаланың 20-жылдығына орай Жайық жұртшылығының Елордаға тартуы болмақ. Мүсіннің эскизіне өткен жылдың аяғында республикалық байқау жарияланған еді. Ұсынылған жұмыстардың ішінен астаналық мүсінші Мұрат Мансұровтың жобасы үздік деп танылды. Ұлы Отан соғысында Невель қаласы үшін ұрыста өшпес ерлік жасаған қазақтың қаһарман қызының ескерткіші Астанада Жеңіс және Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасады. Құрылыстың жалпы құны жарты миллиард теңгеге бағаланып отыр.

ТАЛГАТ ЖҮСІПҚАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінде ескерткіш саздан қаланып дайын тұр. Мүсіннің ғана биіктігі 3,6 метр, тұғырындағы биіктігі шамамен 2,5 метр. Жалпы биіктігі шамамен 6 метрді құрайтын болады. Мүсіннің өзі қоладан, тұғыр граниттен тұрғызылады деп күтілуде.