Елордада «Enactus Kazakhstan – 2018» студенттік кәсіпкерлік чемпионаты өтті

Елордада «Enactus Kazakhstan – 2018» студенттік кәсіпкерлік чемпионаты өтті

Елордада «Enactus Kazakhstan – 2018» студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялардың Ұлттық чемпионаты өтті. Дәстүрлі кубок еліміздің 60 жоғары оқу орнының атынан әр өңірден келген 700-ден астам белсенді жастың басын қосты. Олар қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығын сақтау, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 100-ден аса әлеуметтік маңызды бизнес-жобаларын ұсынды. Нәтижесінде үздік бастамалар іріктеліп, АҚШ-тың Сан Хосе каласында ұйымдастырылатын әлем чемпионатында ел намысын арқалайтын болады. Ғаламдық бәйге дүниежүзін өзгертуге ниетті жігерлі әрі көшбастауға лайықты саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар.

АЛБИНА ЕРЖАНОВА,  ENACTUS KAZAKHSTANПРЕЗИДЕНТІ:

 - Байқау аясында студенттер жыл сайын әлеуметтік бағыттағы жобаларын жүзеге асырып келеді. Жастар бизнес механизмдерімен етене араласып, халықтың әл-ауқатын, қоршаған ортаның  мәселелерін жақсарту арқылы өздерінің көшбасшылық қасиеттерін де дамыта түседі.