Қазақстан-Беларусь: Білім саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан-Беларусь: Білім саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Беларусь ғылыми серіктестікті нығайтты. Екі ел осы бағытта озық тәжірибелерімен алмасу туралы келісімге қол қойды. Осының нәтижесінде жоғары оқу орындарының студенттеріне де жаңа бастамаларға жол ашылды.  Беларусь Республикасы мен Қазақстан арасында ғылыми қызметкерлердің азаматтық алуының оңайлатылған тәртiбi туралы келiсiмдi Астана ұсынған болатын. Беларусь тарапы да бұл жағдайды толық қолдады. Мұндай жеңілдік екі ел арасындағы инновация мен озат педагогикалық тәжірибе алмасуды нығайтады.

ӘСЕЛ ҚАЛАМБАЕВА, ҚР БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ ЕКІНШІ ХАТШЫСЫ:

 - Жаңа енгізілген бапқа сәйкес, Беларусь Республикасы мен Қазақстан арасында білім беріп, ғылыми жұмыспен айналысатын екі ел азаматтарына берілетін үстемақыдан 24 ай бойы мемлекет тарапынан ешқандай салық ұсталмайды.

Қазақстан мен Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер үшін де жеңілдіктер қарастырылған. Жоба аясында бір мемлекет өз азаматтарына жағдай жасаса, бұл жеңілдік екінші елде қолданылады. Мысалға, Қазақ елі өз студенттеріне грант бөлсе, бұл екінші мемлекеттің жастарына да қолжетімді болады.

АЛИСА КНЯЗЕВА, СТУДЕНТ:

 - Біздің университетте білікті маман болып шығу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Білімімізді одан әрі дамытуға мүмкіндік болса, әрине мұны пайдалану керек.

Келісімнің негізгі мақсаты – білім саласындағы жаңалықтармен бөлісіп, екі ел арасындағы тәжірибе алмасу процесін нығайту.