Түркітанушы, тарихшы, ғалым, халықаралық Османлы зерттеу комитетінің мүшесі Ильбер Ортайлы Қазақстанға келді. Түркология саласында бұл есімді білмейтіндер жоқ. 1970 жылдан бері ғылым саласында еңбектене бастаған ғалым талай құнды кітаптың авторы. Еуропадағы Иран зерттеулері қоғамының, Босния және Герцеговина, Македония мен Черногория ғылым және өнер академиясының мүшесі. Ол дәріс барысында түркі әлеміне ортақ тарихи кітаптардың бірлесе жазылуының маңыздылығына тоқталды. Бұл тұста профессор Қазақстанның латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдап отыр. Оның айтуынша, әліпбидің жаңа нұсқасы қазақ тілінің ерекшелігіне сай әрі ыңғайлы. Жиынды Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы мен Назарбаев Университеті бірлесе ұйымдастырған. Мұндай кездесу Алматыда да өтті.

АЛМАГҮЛ ИСИНА, Ю.ЭМРЕ АТЫНДАҒЫ ТҮРІК МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

 - Бұл конференцияның негізгі мәселесі – қазіргі кездегі Түркі әлемінің жалпы ғылыми мәселелеріне шолу жасау. Сондай-ақ ортақ құндылықтарымызды белгілеу және келешектегі жоспарларымыз. Конференцияға қызығушылық өте үлкен болды.

ЮЛАЙ ШАМИЛОГЛУ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ТҮРКІТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Біз халықаралық бірнеше оқытушыны жұмысқа алдық. Негізгі пән ретінде түркітануды оқытуды әлі де ойламаймыз. Біз басқа кафедралармен, пәндермен бірлесіп, ортақ сабақтарды ашуды ойлаймыз. Кейін магистратура және докторантура ашылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер